Өскемен
ясно
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +2°
$
515.25
+0.32
535.91
-0.13
¥
70.6
+0.05
5.18
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Валерий Чернов
Ақпарат көзі:
Устинка

Ольга Рыпакова төртжылдықтың басты бәсекесіне жолдама алды

Жеңіл атлетика жұлдызы осы демалыс күндері Алматы қаласында өткен лицензиялық Қазақстан Кубогінде сәтті өнер көрсетті

Жерлесіміз үш қарғып секіруде 14 м 37 см нәтижесін көрсетіп, бірінші орынға ие болды деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Олимпиада нормативі 14 м 20 см құрайды, ал Ольга оны 17 см-ге асып, Жапония астанасы ‒ Токиода өтетін, өзі үшін төртінші жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алды.

Екінші орынды қарағандылық Мария Овчинникова иеленді, ол 13 м 79 см-ге секірді. Ал алматылық Лаура Ахметова 12 м 92 см нәтижесімен үшінші орынға жайғасты.

Естеріңізге сала кетейік, 34 жасар өскемендік спортшы Ольга Рыпакова қазақстандық спорт тарихындағы жалғыз жеңіл атлетші болып табылады. 2008 жылы Пекинде ол күміс жүлдеге ие болды, 2012 жылы Лондонда Олимпиада чемпионы атанды, ал 2016 жылы Рио-де-Жанейрода қола жүлдегер атанды.


Следующая →