Өскемен
ясно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +17°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +22°
$
467.29
+2.01
501.03
+1.83
¥
64.34
+0.24
5.35
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да көпбалалы отбасыдан шыққан бір мыңға жуық бала колледжде білім алғысы келеді

Қазірдің өзінде 300-ге жуық бала техникалық және кәсіби білім беру мекемелеріне құжаттарын тапсырып қойған

ШҚО Білім басқармасы баяндағандай,биыл өңірде 9-сыныпты бітірген балалардың саны 5200-ден асады екен. Оның ішінде 970-ке жуығы көпбалалы отбасының балалары болса, оның 642-сі техникалық білім беру мекемелеріне оқуға түсуге ниет білдіріп отырған көрінеді. Ал 11-сыныпты бітірген оқушыларды қосқанда, барлығы 915 бала колледжге оқуға түсуге дайын. Басым көпшілігі техникалық, педагогикалық және ауыл шаруашылық мамандықтарын таңдап отыр.

- Облыстық бюджеттен техникалық білім беру мекемелеріне 6200 грант пен республикалық бюджеттен 1730 грант бөлініп отыр. Сондықтан колледжге оқуға түскісі келген көпбалалы отбасының балаларына орын жетеді. Тек қабылдау комиссияларына әкеп құжаттарын өткізсе болғаны. Отбасының табысы не басқа да кіріс көздері есептелмейді. Бір сөзбен айтқанда, білім беру гранттарын үлестіруге ешқандай талаптар қойылмаған. Оқуға түскен жағдайда, жатақханасы да қоса беріледі, - дейді Айгүл Оралғазинқызы.

Ал қай мамандыққа қанша грант бөлінгенін облыстық Білім басқармасының ресми сайтынан, "Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі" атты қосымша беттің "Мемлекеттік білім беру тапсырысы" атты құжатынан қарап көруге болады.

Осы орайда айта кеткен жөн, бір баланы колледжде оқыту үшін, орта есеппен, облыстық қазынадан 700 мың теңгедей қаржы бөлінеді. Оның ішінде студенттің шәкіртақысы мен оқу ақысы, ыстық тамағы мен жатақханаға төленетін ақысы енеді.

Следующая →