Өскеменде заңсыз ашылған тұрақжайды жауып тастады
Славский атындағы жағалаудың маңындағы тұрақжайды қала билігі алып тастады
Өйткені бұл тұрақжайды қала тұрғындары өздері қолдан жасап алған.
- Тұрғындар он жыл бұрын бос жатқан жерді қоршап, тұрақжай етіп алған екен. Арасында жер телімін басқа адамдарға сатып жібергендер де бар, - деп хабарлайды Өскемен қалалық әкімдігі.
Қазір қоршалған жердің қоршаулары алынып, жері тегістеліп жатыр. Ал құрылыс материалдары иелеріне қайтарылып берілді.