Жедел жәрдем көлігі қаққан қыздың жағдайы мүшкіл
Жол-көлік оқиғасында зардап шеккен 21 жастағы бойжеткен ауыр дене жарақаттарын алған
Облыстық мамандандырылған медициналық орталық мамандары хабарлағандай, көлік қаққан қыз жабық бас сүйек-ми зақымын алып, миы шайқалған, мұрны, қабырғасы, құйымшағы, жамбас сүйегінің жалпақ басы сынып, бірнеше жері жараланған.
Дәрігерлер бойжеткеннің 25 маусым күні ауыр хәлде ауруханаға түскенін, бірақ бүгін жан сақтау бөлімінен травматология бөліміне ауыстырылғанын айтады.