Семейде бір апта ішінде екі бірдей адам суға кетті
Қайғылы оқиғалар әр уақытта қаланың әр түрлі су айдындарында орын алған, бірақ қорытынды бір ‒ суға батқан адамдарды құтқару мүмкін болмады
Семей қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес, бірінші оқиға 21 маусымда күннің екінші жартысында "Восточный" саяжайында орын алған деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ішімдікке сылқия тойып алған 48 жасар ер адам жағада серуендеп жүріп абайсызда суға құлап кеткен. Су ағысы өте қатты болған. Құтқарушылардың айтуынша оның денесі әлі табылған жоқ.
Ал екінші қайғылы оқиға 25 маусымда таңғы сегізде орын алыпты. Судоремзавод ауданында адам суға батып бара жатқаны туралы хабар 112 арнасына түседі. Бұл уақытта құтқарушылар саяжайға жақын маңдағы судан батып кеткен адамды іздестіріп жатқан екен.
Батып бара жатқан адамның қайда екенін біліп алғаннан кейін, Семей қаласының ШӨАЖҚЖ-ның алты қызметкері тез арада оқиға орнына аттанды. Өкінішке орай, ер адамды құтқарып үлгермеді. 10 минуттан кейін сүңгуірлер су айдынының түбінен батып кеткен ер адамның денесін тауып, түске қарай жақын жердегі полиция бөлімшесіне тапсырды. Қайтыс болған адам облыс ауылдарының бірінің 39 жасар тұрғыны болып шықты.
- Қайғылы оқиға арнайы жабдықталмаған жерде суға түсу салдарынан орын алды, - деп хабарлайды Семей қаласы ТЖБ баспасөз қызметі.
31 мамыр мен 26 маусым аралығында Семей өңірінің су айдындарында үш адам суға батып кетті, оның бірі - жасөспірім. Тағы бір ер адам дер кезінде құтқарылғанын айта кеткен жөн.