ШҚО әкімі тұрғын үй құрылысына 2,6 млрд теңге жұмсалғанына күмәнданды
Сәтпаев даңғылында бой көтерген көпқабатты үйлердің құрылысына аймақ басшысының көңілі толмады
Облыс оралығындағы Сәтпаев даңғылы, Ілияс Есенберлин, Көкжал Барақ көшелерінде тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. ШҚО әкімі Даниал Ахметов коммерциялық ғимараттарды қосқанда 20-дан астам нысанды аралап шығып, бірқатар кемшіліктерге баса назар аударды деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Следующая →
- Сәтпаев даңғылы бойынша құрылысқа 2,6 млрд теңге жұмсалғанын көріп тұрған жоқпын. Бұл үйлерде кемінде 1100 адам жұмыс істеуі тиіс, − деп атап өтті облыс басшысы. – Қыркүйек айында тағы келіп қанша адам жұмыс істегенін тексеремін. Сондай-ақ, мен 2015 жылы әрбір пәтерге гараж орнын бөлуге тапсырма бергенмін. Мұнда қажетті техниканы қойып, осы шағын аудандарды қалыпты өмірге дайындау керек. Өйткені қоныстанған адамдар өз балаларына алаңдаушылық білдіруде. Бірінші қыркүйекке дейін жер тазартылып, қоқыс шығарылуы керек. Тиісті шаралар қолға алынған, топырақ үгілмейтінін байқадым. Бұл мен үшін қуанышты жайт, себебі жақында Молдағұлова көшесіндегі 19-шы шағын аудан нысандарын көріп, олардың сапасыз салынғанына көзім жеткен.Айта кету керек, 130-дан астам пәтер өз иелерін тапты. Тұрғын үй бағдарламасы аясында Көкжал Барақ және Ілияс Есенберлин көшелеріндегі құрылыс компаниялары көп пәтерлі тоғыз қабатты үйлерді пайдалануға бермек. Сәтпаев даңғылындағы бес үйдің ішкі әрлеу жұмыстарының 70-90%, сыртқы жұмыстарының 95% орындалды.