Алтай қаласының тұрғынын топырақ басып қалды
Қайғылы оқиға кеше кешке болған
24 жастағы жігіт су құбырын төсейтін арықты қазып жатқан кезде топырақ басып қалған. Ал арықтың биіктігі екі метрге дейін жетеді.
Жанында жүрген әріптестері көмектесіп, топырақтың бетін ашып болсын, тұншығып қалмас үшін жігіттің басын аршып алған. Ал қалған жұмысты өрт сөндірушілер жасаған.
- Топырақ өте ауыр, дем ала алмай естен танып қалған. Мұрнына кислород кигізіп, топырақты 20 минут бойы қаздық, - дейді өрт сөндіру бөлімінің басшысы Ержан Омырбаев.
Қазір ауруханада жатыр, жағдайы өте ауыр.