Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

Жасөспірім ағасының көлігін айдап кетіп, соғып тастаған

Кеше 15 жастағы жігіт ағасының VOLKSWAGEN PASSAT көлігін айдап кетіп, Өскемен-Риддер тас жолында апатқа ұшыраған

Полиция қызметкерлері анықтағандай, ол көлік тізгініне ие бола алмай, көлік жол жиегіне аунап кеткен.

Ал жасөспірім өзінің туған ағасының көлігін айдап кеткен көрінеді. Ағасы көлікті Тәжірибе алаңы ауданындағы жер үй ауласына қойған, ал түстен кейін көліктің жоқ болып кеткенін аңғарған.

Апатқа ұшыраған 15 жастағы бозбала мен тағы екі жасөспірім түрлі жарақатпен Өскемен қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Көлік тізгініндегі бала мен қасындағы досы медициналық тексерістен өткеннен кейін үйлеріне қайтарылса, тағы бір досы ауруханада қалуға мәжбүр болды.

- Аталмыш фактіге байланысты полиция қызметкерлері ҚР ҚК 200-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады, - дейді ШҚО ПД баспасөз хатшысы Айгерім Нұрғазина.

Енді жасөспірімнің әкесі 3 мың АЕК (7,5 млн теңге) айыппұл төлейді.



Следующая →