Жазасын өтеушілер аттестат алды
Бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеу кезінде білім алу – сотталған адамды әлеуметке қосу, қылмыстық жазасын өтегеннен кейін өмірге дайындаудың бір элементі болып табылады
- ОВ 156/20 мекемесінде орналасқан №3 кешкі мектепте жазасын өтеушілерге аттестат тапсырылды, - дейді қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г. Салмақбаева. - Мектеп жасында білімін аяқтай алмай, темір торға тоғытылған жандар осы түзету мекемесінде білім алды. Мұнда жоғарғы деңгейлі 10 мұғалім мемлекеттік стандартқа сай білім береді. Биылғы 2018-2019 оқу жылында 8 оқушы аттестат алды.
№3 кешкі мектеп директорының міндетін атқарушы К. Касымбекова және ОВ 156/20 мекеме бастығының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары М. Нұргалиев мектеп бітірушілерді құттықтап, аттестат тапсырып, оқушылырға өздерінің жүрекжарды құттықтау тілектерін айтты. Кеш ары қарай жазасын өтеушілердің шағын концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Мұғалімдерге деген ризашылықтарын білдіріп, қандай жағдай болмасын аттестат алуға мүмкіндік беріп отырған мектеп ұжымы мен мекеме қызметкерлеріне алғыстарын айтты.