Купала Солнцеворот мерекесі Комсомол аралына ауыстырылды
Мердігерлер "Самал" саябағында жұмыстарды аяқтап бітпегендіктен, жоспарлы фестивальді өткізу орнын өзгертуге мәжбүр болды
Өскемен тұрғындары күтіп жүрген Купала Солнцеворот славян мерекесі ертең, 22 маусымда Комсомол аралдарында футбол алаңына жақын жерде өтеді. Ұйымдастырушылар "Самал" саябағын қайта қалпына келтіру жұмыстарының ұзаққа созылғандығынан фестивальдің орнын өзгертуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Көптеген азаматтар бұл туралы әлі білмегендіктен, қала әкімдігі фестиваль өтетін орынға қателесіп келген адамдарға "Самал" саябағынан Комсомол аралына апаратын автобус ұйымдастырады. Бағасы - 90 теңге.
- Мерекелік бағдарламаның басталуы - 15.00 - өзгеріссіз қалады. Ұйымдастырушылар айтқандай, тек орын өзгерді. - Фестиваль 22.00-ге дейін жалғасады, - делінген хабарламада.