Риддердегі Бәйтерек маңындағы улы өсімдікті шауып тастады
Биліктегілер шағатын балдырған қаптап кеткен қала орталығының аумағын абаттандыруға кіріскен
Жолаған адамды шағып алатын өсімдікті түбегейлі шауып тастаған. Енді қаладағы әдемі орындардың бірі – Бәйтерек маңайының көркі кіріп қалды. Енді бұл аумаққа гүл отырғызылады.
Аумақтың көгалдандырыла бастағандығы туралы қала әкімі әлеуметтік желіде хабарлаған. Фотодан байқалып тұрғандай, жұмысшылар Бәйтерек маңында гүл отырғызатын аумақты белгілеп, тіпті, бірнеше өсімдік егіп те үлгерген.