Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Көпір астына кептелген автобус

Оған себеп – Семей қаласындағы Қабанбай батыр көшесіндегі темір жол өтпесін ұстап тұрған арканың тым аласалығы

72-ші квартал ауданына қарай бет алған қалааралық автобус көпір астына сыймай, кептеліп қалған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Есесіне жүргізуші автобусты жөндеу үшін шығынға бататыны анық.

Бұл арка Семейде аңызға айналғалы қашан. Бұл жерге сәлемдеме мен пошта тиелген фура да соғылып, жүк көлігі де өте алмай, қалааралық автобус та кептелді талай рет.

Көпір астына тұрып қалған әрі габаритті көлік жолдың жартысын жауып, көлік кептелісін туғызды. Оның үстіне көшенің өзі тар.

Көлігінің биіктігін есептей алатыдар қиын жағдайға тап болмайды. Өйткені көпірдің екі жағынан да биіктігі - 3,3 метр деген белгі бар.

Семейліктер әлеуметтік желіде осы көпір жайын жиі талқылайды, тіпті, мәселенің шешімін де тауып қойған. Бірі "Өте алмайсың!" деген тақтайша ілу керек десе, енді бірі өткел алдына қақпа қоюды, енді бірі алыстан көрінетіндей биіктік шектеуі бар белгі қоюды ұсынуда.

Следующая →