"Самал" саябағы маңында жаяу жүргіншілер өткелі пайда болды
Әкімшілік полиция қызметкерлері аспалы көпір жақтан "Жаяу жүргіншілер өткелі" мен "Жылдамдық шектеу – 40 км/сағ" белгісін қойды
Карбышев көшесінен саябаққа қарай өтуге қорыққан тұрғындар "Жолдағы қабылдау" акциясы кезінде тәртіп сақшыларына шағым білдірген.
Тұрғындардың өтінішінен кейін тәртіп сақшылары көшені тексеріп шығып, тұрғындар қауіпсіздігі үшін тиісті шара қабылдаған.
Енді көліктер бұл аймақа жылдамдықты сағатына 40 км-ден асырмай, жол қозғалысы ережелерін сақтайтын болады.
Жалпы акцияның бұған дейінгі кезеңінде осы сынды тұрғындарлан 133 өтініш түскен. Әкімшілік полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдарға 19 ұйғарым жолдаған.