Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Нәрестені sms арқылы мекенжай бойынша тіркеуге болады

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бала туылуына байланысты проактив тәсілімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіміне мекенжай бойынша тіркеу қызметін қосты

Бұл қызмет мемлекеттік корпорацияның бастамасымен ҚР ІІМ мен Әділет министрліктері базаларының интеграциялануы нәтижесінде жүзеге асып отыр.

Енді жаңа босанған әйелдерге баланың туу туралы құжатын жасатып, балабақша кезегіне тұру және жәрдемақы алуға ұсыныс білдіретін смс-хабарламамен бірге жаңа туған сәбиді мекенжай тіркеуіне қоюға мүмкіндік беретін хабарлама да
келеді.

- Ереже бойынша дүниеге келген сәбидің ата-анасының біріне екі апта ішінде мекенжай тіркеуіне тұру жөнінде смс-ұсыныс жолданады. Сұраққа оң жауап берілген жағдайда баспана иесі өз мекенжайының тіркеу кодын енгізуі тиіс. Пәтер не үй баланың ата-анасының атында болмаған жағдайда баспана иесінің ЖСН-і қоса жолданады, - дейді аймақтағы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз хатшысы Мөлдір Зәруетқызы.

Айта кетейік, бұл тәсілмен жолданатын смс-терді алу үшін баланың ата-анасының бірі міндетті түрде мобильді азаматтар базасында тіркелуі керек.

Следующая →