Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -6°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -11°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -18°
  • Тараз
    +9°
  • Туркестан
    -7°
  • Шымкент
    +11°
$
513
+13.49
541.16
+15.33
¥
70.75
+1.85
4.69
+0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Өскеменде ет неге қымбаттады?

Өскеменнің сауда орындарында "ет бағасы көтеріліп кетті" деген қыңқыл бүгінде жиі естіліп жүр. Негізінде, бұл жағдай жалғыз бізге ғана тән емес, барлық өңірлерге ортақ ахуал

Елімізде ет қымбаттады. Әсіресе, ең өтімді сиыр еті 400-500 теңгеге өскен. Сондай-ақ, жылқы мен қой етінің де құны шарықтапты. Сатушылар қымбатшылықты экспортқа еттің көп жөнелтілуімен, жергілікті жерден әкелінетін еттің көлемі азайғанымен байланыстырады. Ал тұрғындардың біреуі етке, екіншісі еттің бағасы жазылған қағазға қарайды. Қалтасы көтергені алып, аспанға қарап кетіп бара жатса, қалтасы көтермегені жерге қарап сытылып шығып бара жатыр. Қайда барар екен? Бағаны айтамыз...

- Бір апта бұрын ғана қой етінің көтерме бағасы 1300 теңге еді. Қазір 1700 теңге. Сиыр етін жыл басында 1500-ден алатынбыз. Оныңыз 1800-ге көтерілді. Егер экспортты көбейтетін болса, көтерме бағасы 2 мыңнан асады да, дүкендегі құны 3 мыңнан жоғары көтеріледі. Оны кім қай ақшасына сатып алады?! - дейді орталық базардағы Айман Орынбасарова есімді сатушы.

Баға өскелі ет іздегендердің қарасы сейілген. Мәселен, облыс орталығы Өскеменде ең өтімді сиыр еті 400-500 теңгеге дейін қымбаттаған. Қымбатшылық аудандарды да айналып өткен жоқ. 400-500 теңгеге өскен сиыр еті енді 1700 теңгеден сатылуда. Ал жылқы еті тіптен 2 мыңнан асады. Бағаның өсуіне кәсіпкерлер тапшылық себеп дейді. Айтуларынша, өңірдің еті Ресейге жіберілгендіктен, ішкі нарықта жетіспеушілік бар. Ұрымтал сәтті ұтымды пайдаланғандар құнын көтеріп жіберген.

- Еттің қымбаттауына мал басы себеп емес. Қайта облыста мал басы көбейіп жатыр. Облыста 2014-2018 жылдар аралығында ірі қара мал басының саны 151 мыңға (19%), сиыр басы - 130 мыңға (33%) өсті. 2018 жылдың аяғындағы мәліметтерге сүйенсек, шаруашылықтардың барлық санаттарында 530 мың сиыр басы, соның ішінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында - 21 мың, шаруа қожалықтарында - 261 мың, жұртшылық шаруашылықтарында - 248 мың бас бар, - дейді облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы бөлімінің маманы Азамат Еркінов.

Осы ретте айта кетейік, дәл осы елдегі сиыр етіне сұраныс артып, 11 елге эспортталған. ҚР Ауыл шарушылығы министрлігінің вице-министрі Гүлмира Исаеваның айтуынша, тек биылғы жылдың 3 айында ғана 7,5 тонна, ал 2018 жылы 33 тонна ет шет елге сатылған.

Жалпы, базар бағасының жоғарылауына әсер етіп отырған жағдайларды сараптап көрер болсақ, оның түп-төркіні тек маусымының салдарынан ғана емес екенін аңғаруға болады. Бағамдап ойлансаңыз, барлық саладағы шарықтаған баға ауылды да айналып өтпейтіні анық. Жанар-жағармайы, техникаға қажетті қосалқы бөлшектері, мал азығы, ең ақыры күнделікті тұтынатын тауарлары мен қант-шайына дейін қымбаттап жатқанда, шаруа адамдары мен фермерлер мәпелеп бағып отырған малын неге арзанға беруге тиіс?

Десек те қазір, Шығыс Қазақстан елді мекендерінде мал басы көбейгенімен олардың дені санитарлық сақтық үшін пышаққа ілінген. Сонда алдағы уақытта "Ет жесең тісіңе кіреді, жемесең түсіңе кіреді" дейтін қазақ енді етті түсінде де, өңінде де көре алмауы мүмкін бе?!

Следующая →