Зайсанда үш жұмысшы метаннан уланып қалды
Қайғылы жағдай 12 маусым күні Спамбетов көшесіндегі тұрғын үйге жақын маңда орын алған
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының орталығы Зайсан қаласында 3 азамат метаннан уланған, деп жазады 24.kz сайты.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратқа сай, коммуналдық кәсіпорын жұмысшылары кәріз құдығының ішінде 2 метр тереңдікте жұмыс істеп жатқан. Оқиға орнында 45 жастағы слесарь көз жұмып, 32 және 38 жастағы тағы екі жұмысшыға медициналық көмек көрсетілді. Көп ұзамай біреуі үйіне жіберіліп, екіншісі ауруханаға жатқызылды. Оларды құдықтан алып шыққан құтқарушылардың айтуынша, жұмысшылар арнайы сақтандыру құралынсыз жұмыс істеген.