Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка

33 мың ШҚО оқушысы тегін мектеп формасымен қамтылады

Қазір шенеуніктер мектеп формасын тігуге мемлекеттік тапсырысты қабылдайтын кәсіпорындарды анықтап жатыр

Көп балалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды мектеп формасымен қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарын орындау үшін аудан және қала әкімдіктерімен бірлесіп, 2019-2020 оқу жылына аталған санаттағы балалардың санына талдау жүргізілді.

Мектеп формасына мұқтаж оқушылардың жалпы саны - 33 583 оқушы, оның ішінде 6718 бала жергілікті бюджеттен қарастырылған жалпы білім беру қоры есебінен, 26865 бала облыстық бюджет есебінен қамтамасыз етіледі.

- Облыстың Кәсіпкерлер палатасының мәліметтері бойынша өңірдегі жеңіл өнеркәсіп өндірісі 26 кәсіпорынмен ұсынылған, олардың ішінде ірі кәсіпорындар: "УК Юнис" ЖШС, "Семспецснаб" ЖШС, "Isnar" ЖК, "Ақтұмар" ЖШС, "Ақмаңдай" ЖШС, "Рассвет"ЖШС. Жеңіл өнеркәсіптің өңірлік кәсіпорындарының бұйымдардың негізгі түрлерін, өндірістік персоналдың санын, өнім сапасын, саладағы тәжірибені, өндірістік қуаттарды, өнім өндіру серпінін шығару бойынша мүмкіндіктерін зерделеу және анықтау үшін жұмыс тобы құрылды, онда кәсіпорындармен жұмыс жүргізілді. Кәсіпкерлер палатасының базасында өңірдің тоқыма және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарымен кездесу өткізілді, - деп атап өтті ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

Талдау және өткізілген кездесу нәтижесінде келесі кәсіпорындар өнімнің қажетті көлемін шығаруға дайын екендіктерін білдірді: Семей қ. "УК Юнис" ЖШС, Семей қ. "Семспецснаб" ЖШС, Өскемен қ. "Isnar" ЖК, Семей қ. "Ақтұмар" ЖШС, Семей қ. "Ақмаңдай" ЖШС.

- Мұқтаж санаттағы балаларды мектеп формасымен қамтамасыз ету бойынша тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету үшін қалалар мен аудандар әкімдеріне Кәсіпкерлер палатасының ұсынымдарын ескере отырып, қажетті шараларды уақтылы қабылдау жөнінде шаралар қабылдау тапсыруды ұсынамын, - дейді Әсем Бекқызы.

 

Следующая →