13 мың адам Шығыс Қазақстаннан көшіп кеткен
Облыстың Статистика департаменті өткен жылдың қорытындысын шығарды
2019 жылдың 1 сәуіріндегі ақпараттар бойынша Шығыс Қазақстанда 1 млн 377 мың 525 адам тұрып жатқан. Бір жыл ішінде халық саны 5318-ге, 0,4%-ға азайған.
Халық саны миграция есебінен азайған. 12870 адам өңірден қоныс аударған.
Тұрғындары саны бойынша Шығыс өңірі Алматы, Түркістан облыстары мен Алматы қаласынан кейінгі төртінші орында. Облыс тұрғындарының 62% - қалалықтар, 38% - ауылдықтар.
Ал тағы бір қызық ақпарат – Шығыста әйелдерге қарағанда ерлер азырақ. 1 сәуірдегі мәліметтерге көз жүгіртсек, облыста 657,5 мың ер адам, 720 мың әйел адам бар.
Ал халық ең көп шоғырланған аймақ - Өскемен мен Курчатов.