Өскемендік жас жігіт дүкенде ерін далабын ұрлап кетті
Косметиканы жақсы көретін адам Назарбаев даңғылындағы сауда нүктелерінің біреуінен ерін далабының қаптамасын алып кеткен
Жігіт қызына сыйлық жасамақ болды ма немесе басқа нәрсе үшін керек болды ма екен? Неліктен жігітке ерін далабы қажет болғаныбелгісіз. Бірақ ұрлықшыны қала тұрғындарының біреуі байқап, оқиғаны полицияға жеткізді, деп хабарлады Устинка LIVE.
Тәртіп сақшылары клептоманжігітті ұстап және учаскеге алып келді.Сөйтсе ол бұрын сотталған 27 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты.
- Жігіт кінәсін мойындады, - деп Өскемен қаласының ПБ баспасөз қызметі хабарлады. - Осы факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің "Ұрлық" 188-бабына сәйкес алдын ала тергеу басталды.