Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Өскемен көшелері жаңбыр жауған сайын көлге айналып, ағар арық, кірер тесік таппай қалады
Осы жолы, әсіресе, Михаэлис көшесінің аулаларына су толып қалды. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл маңда қазір төрт мотопомпа жұмыс істеп жатыр.
Су басып кеткен басқа да көшелер бар. Мәселен, жаңа Сограның орталық көшелерін кәдімгідей ағын су басып кетті. Жаңа Ахмер кентінің де көшелері лай судың астында қалды.
Ал ЖМК ауданында жаңадан салынған үйлердің төбесінен су ағып, жұрт мазасызданып кетті.