Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка

Облыста 6200 түлек колледжге тегін оқуға түсе алады

Аймақта қажетті мамандандықтар үшін техникалық және кәсіптік білім беруге осынша мемлекеттік тапсырыс беріліп отыр

Осы мақсаттар үшін жергілікті бюджеттен жылына 4, 5 млрд.теңге мөлшерінде қаржы бөлу қарастырылған, оның ішінде көп балалы отбасылардың студенттеріне 3 млрд. теңге бөлінеді.

Облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасымен көп балалы, аз қамтылған отбасылардағы балаларды қолдау бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында 9-11 сынып түлектеріне талдау жүргізілді.

- Бүгінгі күні көп балалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп түлектерінің саны 1087 адамды құрады, оның ішінде 9 сынып базасында – 898 адам, 11 сынып базасында – 189 адам. Қазіргі уақытта көп балалы отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсету мәселесі қарастырылуда, - дейді әкімнің орынбасары Әсем Нүсіпова. - Тегін техникалық және кәсіптік білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 6200 мемлекеттік білім беру тапсырысы орны бөлінді, сонымен қатар республикалық бюджеттен Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы бойынша 1730 орын бөлінді.

Қазіргі уақытта аудандық және қалалық білім бөлімдері көп балалы отбасыларынан облыс колледждерінде білім алуға тілек білдірушілерді анықтау, мамандық, біліктілік анықтау және колледжді таңдау бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл деректер гранттық орындарды беру және бөлу кезінде ескерілетін болады.

Мемлекеттік тапсырыс облыстағы барлық колледждарда болғанын қадағалаңыздар, - деп атап өтті Даниал Ахметов. - Түлек жеке меншік колледжге түсікісі келгенде "ол жерде тегін орын жоқ" деген болмасын! Балалардың ұсынысы мен таңдауы басты орында болуы керек.

 

Следующая →