Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Мектеп формасын қыркүйекке дейін тігіп үлгере ме?

Аймақтағы оқушылар үшін мектеп формасын 26 кәсіпорын тігуге әзір

Биыл облыста көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп жасындағы 33 583 бала тегін мектеп формасымен қамтамасыз етіледі. Оның ішінде 6718 бала жергілікті бюджеттен, 26865 бала облыстық бюджет есебінен қамтамасыз етілмек. Облыстың Кәсіпкерлер палатасы өңірдегі жеңіл өнеркәсіп өндірісімен айналысатын 26 кәсіпорынмен кездесіп, ұсыныс білдірген.

- Жеңіл өнеркәсіппен айналысатын өңірлік кәсіпорындарының бұйымдарының негізгі түрлерін, өндірістік персоналдың санын, өнім сапасын, саладағы тәжірибені, өндірістік қуаттарды, өнім өндіру серпінін бойынша мүмкіндіктерін зерделеу және анықтау үшін жұмыс тобы құрылып, онда кәсіпорындармен жұмыс жүргізілді. Талдау және өткізілген кездесу нәтижесінде "УК Юнис" ЖШС (Семей қаласы), "Семспецснаб" ЖШС (Семей қаласы), "Isnar" ЖК (Өскемен қаласы), "Ақтұмар" ЖШС (Семей қаласы), "Ақмаңдай" ЖШС (Семей қаласы) кәсіпорындар өнімнің қажетті көлемін шығаруға дайын екендіктерін білдірді. Енді жұмыс процесін тездету керек, - деді облыс әкімінің орынбасы Әсем Нүсіпова.

Ол үшін бюджеттен 625 млн теңге бөлініп отыр және келісімшарт ұзақ мерзімде болмақ. Ал облыс әкімі Даниал Ахметов аталмыш кәсіпорындарға қаржы бөлместен бұрын, оларға "өздерінің ескірген қорларын жаңартсын" деген талап қойып отыр.

- Кәсіпорындар кепілді түрде ақша алып отырғаннан кейін өздерінің ескірген қорларын да жаңартулары қажет. Ол жұмысты кім жүргізеді? Кәсіпкерлер палатасы мен кәсіпкерлікті дамыту басқармасы тек бөліп бергенді жақсы көреді. Екі басшының рухтары жақын - олардың "ақшаны бөліп беру" деген бір ғана өмірлік қағидалары бар. Бұлай болмайды. Олар инвестициялық сауал жолдаулары керек. Жай ғана ақшаны бере салмаймыз. Қажет болса, 6 пайыздық бағдарламамен несие алып қорларын жаңартсын, бірақ мен бұл ұсынысты қабылдамаймын, - деп аймақ басшысы орынбасары Ерлан Аймұқашевқа маусымның 20-сына дейін бұл мәселелерді шешуді тапсырды.

Осылайша Даниал Ахметов аймақтағы кәсіпорындарға нарыққа шығуға мүмкіндік беріп отыр. Алайда әкімінің бұл ұсынысын кәсіпкерлер қабыл алар ма екен?

- Әр жыл сайын Түркия мен Қытайдан мектеп формасын алдыртып отырамыз ба? Мұндағы кәсіпорындар да бәсекеге қабілеттіліктерін көрсетіп, тәуелсіз нарыққа шығулары қажет. Менің шешімімсіз келісімшарт болмайды. Бұл ұсынысымды қабыл алмаса, онда басқа өңірлерден тартамыз. Солай әділетті болады, - деп кесіп айтты ол.

Сонымен қатар, әкім әр мектеп "өзінің формасы" түсінігінде тігетін түрлілік мәселесін шешуді тапсырды.

- 40 түрлі емес, ары кеткенде мектеп формасының 10 түрі ғана болсын. Сол кезде кәсіпорындар да өндірісін ретке келтіреді. 655 мектеп 655 мектеп формасын ұсынса, бас айналмай ма? - деді Даниал Кенжетайұлы.


Следующая →