Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

"Селфи" жасауға бола ма?

9 маусым - ел үшін өте жауапты күн. Себебі дәл осы күні Қазақстан Республикасының азаматтары өздерінің болашақ президентін таңдайды

Осыған байланысты Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының бастамасымен сайлауға қатысты бірқатар мәселелер төңірегінде дөңгелек үстел отырысы өтіп, оған ШҚО сайлау комиссиясының төрағасы мен өзге де құқық қорғау қызметкерлері қатысты.

- Белгілі болғандай барлық үгіт-насихат материалдары 8 маусым күні алынып, тоқтатылады. Үгіт-насихат материалдары сайлау учаскесінде болмауы керек. Егер қандай да бір заң бұзылса, ҚР ӘК-нің 102-бабы бойынша жауапқа тартылады. Тіпті, сайлау учаскесіне келген дауыс берушілердің киімдері де заң бұзуы мүмкін. Сондықтан киім, қалам, қағаздарда ешқанай кандидаттың үгіті болмауы тиіс. Ол жерде арнайы тәртіп сақшылары жүреді, - деді Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Сайран Ибраев.

Сонымен қатар, әлеуметтік желіде сауалнама жүргізуге тыйым салынады. Сондай-ақ, дәл осы күні тек аймақтағы бақылаушылар ғана емес, сонымен қатар халықаралық ұйымдардан, өзге елдерден келген бақылаушылар да болады. Ал бюллетеньдермен суретке түсуге бола ма? Мұндай сұрақтарға тап болғандарға облыстық сайлау комиссиясының төрағасының айтары бар.

- Сайлау учаскелерінде тек қана ақпараттық материалдар болуы тиіс. Ал сайлаушылар кабинкада бюллетеньдерді суретке, бейнежазбаға түсіріп, оны әлеуметтік желілерге тарата алмайды. Ол үшін Заң алдында жауап беруі мүмкін. Қазір технология дамыған заманда ол өте күрделі мәселе, - дейді аймақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ерсайын Набиев.

Айта кетейік, Украинадағы президент сайлауы кезінде жеңіске жеткен Владимир Зеленскийді "сайлау заңын бұзды" деп айыппұл салған болатын. Зеленский 21 сәуірде, президент сайлауының екінші кезеңі өткен күні, сайлау учаскесінде журналистерге дауыс беру парақшасын көрсеткен. Заңға сәйкес, бұл дауыс беруді құпия сақтау тәртібін бұзған екен.

Следующая →
Тақырыптар: Сайлау 2019 жыл Селфи