Өскеменде сегіз күн бұрын жоғалған азамат табылды
69 жастағы Александр Тарлыковты жақындары 29 мамырдан бері іздеп келді. Тек кеше кешке ғана табылды
Жоғалған азаматты қызы тауып алған. Қызы қарияны соңғы рет көрген ауданға іздеу туралы үнпарақты жабыстырып жүрген уақытта көріп қалған.
Зейнеткер өзінің ескі таныстарын кездестіріп қалып, "қыдырып" кеткен. Әкесі дүкендердің біріне кіріп бара жатқанда қызы көріп қалған.
- Александр Петровичтің жаңдайы жақсы. Дін-аман өз отбасының ортасына оралды, - деп хабарлады LIDER.KZ еріктілері.