Өскемен полицейлері көмек көрсетуге әзір
Қалалық полиция бөліміне бес айдың ішінде 15 тұрғыннан алғыс хат келіп түскен екен
Тұрғындардың көбі тәртіп сақшыларының өз өмірін қатерге тігіп, азаматтық борышын абыроймен атқаратынына разы, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Өскемен қалалық ПБ баспасөз қызметі хабарлағандай, Асқар Құлжынов, Владимир Колесников, Айдос Слямбеков, Сағыныш Сәбиқанов и Қанат Дәуітханов сынды полиция қызметкерлері көпірден, көпқабатты тұрғын үйдің төбесінен секіріп, өзіне қол жұмсамақ болған бірнеше азаматты құтқарып қалуға себепкер болған.
Ал лейтенант Мирас Айтмұқашев пен старшина Эмиль Рақымжанов демікпеден тұншығып қала жаздаған кішкене қызды дер кезінде ауруханаға жеткізген.
Сол сияқты автобустың алдына есінен танып құлаған қызды да жедел жәрдем күтіп отырмай дереу медициналық көмек көрсеткен лейтенант Қуат Асубаев пен капитан Серік Нұрыхановтың та ісін абырой деуге болады.