Марафон түнгі Өскемен көшелерінде өтеді
Бүгін, 6 маусымда, спортшылар қала ішінде шамамен екі шақырым жүгіреді
Денсаулығына қайшы келмейтін 16 жастан асқан әр азамат жарысқа қатыса алады, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Қатысушылар Астананың және Потанин көшелеріндегі “Shiny River” қонақ үйінен Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың бас ғимаратына дейін жүгіріп өтуі керек.
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін осындай іс-шараны ұйымдастырамыз, - деп түсіндірді Өскемен әкімдігінде. - Жарысқа кәмелетке толғандар қатыса алады. Тіркеу сағат 20.00-да басталады. Жарыстың басталуы сағат 21.00.