Өскеменнің трамвайларына неге камералар орнатылуда?
Трамвайға камералар орнатылса, кондукторлардың жолаушыларға қызмет көрсету мәдениеті де жақсармақ
Өскемендегі трамвайларға бейнебақылау камералары орналастырылып жатқаны, ескі 10 вагонның жөнделгені жайында бұған дейін де жазған болатынбыз.
Енді Көлік компаниясы бейнебақылау камераларының неге орналастырғанын түсіндіріп берді.
- Алаяқтық пен ұрлықтың алдын алу және де кондукторлар мен трамвай жүргізушілерінің жұмысына қаншалықты адал екендігін анықтауға көмектеседі. Жол апаты болған жағдайда, оған кім кінәлі екенін анықтау да оңай болмақ, - дейді компания техникалық директорының м.а. Михаил Чайка.
Айта кеткен жөн, вагонға орнатылатын камералардың саны – үшеу. Оның біреуі жүргізушінің жанына қойылса, енді вагонның төр жағына қойылады. Ал үшіншісі бейнетіркегіш вагонның маңдайына ілінбек.