Предгорное ауылында спорт кешені пайда болады
Шілденің соңына қарай ауыл тұрғындары таза ауада салауатты өмір салтын ұстана алады
Спорттық кешен Глубокое ауданы әкімінің және демеушілердің қаражаты есебінен жабдықталып жатыр.
Қазіргі уақытта Предгорное ауылында шамамен төрт мың адам тұрады. Осы уақытқа дейін аталмыш ауылда бірде-бір спорт алаңы болған емес. Сол үшін де әмбебап кешен құрудың негізі болды.
Алаң бірнеше аймақтан тұрады және 1200 шаршы метр аумақты алады. Бірінші аймақ - футбол, суық мезгілде ол хоккей қорабына айналуы мүмкін. Екінші - баскетбол мен волейбол алаңы. Жүгіру жолағы алаңның айналасына болдаы. Мұның барлығы демеушілік есебінен пайда болады.
- Құрылыс жұмыстары басталды. Алдымен біз бүкіл аумаққа құм-қиыршық тас қоспасымен төгіп, тегістейміз, одан кейін жасанды шөппен жабамыз, - деді Краснояр ауылдық округінің әкімі Олег Егоров. - Ал алаңның қасында орналасқан бұрынғы дәрігерлік амбулаторияның бос ғимаратын киім ілу, заттарды қоюға арнамақпыз Сол кезденақты спорт кешені болады.
Олег Владимировичтің айтуынша, барлық жұмыстар шілде айының соңында аяқталуы тиіс. Содан кейін жаңа спорт кешені тек балаларға ғана емес, ересектер үшін де таптырмас сауықтыру орны болмақ.
- Мен бұл аумақтың адамдардың көп жиналатын орталығы болады деп үміттенемін. Барлық жергілікті тұрғындар, балалар, мектеп оқушылары және бос уақытты қажет ететін адамдар осы жерде уақытты толықтай өткізе алады! - деді ол.