Аулаға қойылған бейнебақылау камералары елу қылмыстың ашылуына сеп болды
Жыл басынан бері бейнебақылау камераларының арқасында өскемендік полицейлер 49 қылмыстық істің деректерін ашқан
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстанның 427 ауласына 768 камера орнатылған, оның ішінде 592-сін тұрғындардың өздері орнатқан.
Полицейлердің айтуынша, қылмыскерлер камера тұрған аулада қылмыс жасамауға тырысады, ал жасаған жағдайда оны кім жасағанын анықтау қиын емес.
Мәселен, күзет қызметінің қызметкерлері жыл басынан бері 38 күдіктіні полицейлердің қолына ұстатып, 53 қылмыстың алдын алған.
- Тұрғын үй пәтер кооперативтері мен жергілікті өзін-өзі басқару инспекторларымен тығыз жұмыс жасаған пайдалы. Бұл ұсақ қылмыстарды ашуға көмектеседі, - дейді ШҚО ПД басшысы Жанарбек Бақтыбаев.