ШҚО-да "Жигули" қозғалып бара жатқан пойызға соғылып қалды
Оқиға 30 мамыр күні түнде Семейде болған
ВАЗ-2104 көлігі "Павлодар-Алматы" маршрутымен жүріп бара жатқан пойызға соғылып қалды. Оқиға "Жансая" базары маңындағы темір жол желісінде болған. Жеңіл көліктің жүргізушісі 20 жастағы жігіт.
Жас жігіттің өзі аздаған мас күйде болған әрі шлагбаумның жабылғанына қарамай, жолды кесіп өтпек болып, жолаушылар пойызына соғылып тынған.
Семей ПБ баспасөз қызметі хабарлағандай, жас жігітке әкімшілік хаттама толтырылды.