Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

ШҚО-дағы ақ халаттыларға айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысының медициналық ұйымдарына 100 миллион теңгеге айыппұл салынды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыс тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырады. Мониторинг қызметі бақылауды қызметтің көлемі мен сапасына қарай жүргізеді. Қарапайым тілмен айтқанда, МСҚ қызметтің нақты көрсетілген-көрсетілмегенін, емдеу протоколдарының талапқа сай толтырылуын және осы манипуляциялардың нәтижесін тексереді. Осы жылдың I тоқсанында көрсетілген қызмет сапасы мен көлемін бақылау нәтижесі бойынша бірқатар медициналық мекемелер жауапқа тартылды.

- Егер де олқылықтарға жол берген болса, медицина ұйымына айыппұл салынады. Ал емдеу барысында өрескел заң бұзушылықтар орын алған жағдайда іс құқық қорғау органдары мен қадағалау органдарына жіберіледі, - деп түсіндірді "ӘМСҚ" КЕАҚ ШҚО бойынша филиалының директоры Болат Алиев.

Қор емханалық-амбулаторлық көмек саласындағы кемшіліктерге 3,9 млн теңге, консультативтік-диагностикалық қызметтерге 6,2 млн теңге, ауыл халқына көрсетілген медициналық қызметтерге 18,9 млн теңге, стационарлық және стационарды алмастыратын көмектегі ақауларға 71,3 млн теңге айыппұл салды.

- Мониторинг барысында анықталған негізгі кемшіліктер - емдеу-диагнос-тика шараларының стандарттарын сақтамау, медициналық құжаттарды сапасыз толтыру, қызметті нақты көрсету фактісінің расталмауы. Мониторинг жоспарлы түрде ғана емес, жос-пардан тыс та жүргізіледі. Жоспардан тыс бақылауға пациенттердің арыз-шағымдары негіз болуы мүмкін, - дейді Болат Алиев.

Сонымен қатар, елде жарты мыңға жуық медицина қызметкері де тексерістен өте алмағаны белгілі болды. Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және сақтау комитеті клиникалық практикаға қабылдау үшін медициналық мамандардың сертификаттарын тексереді. Бұл тексеру Денсаулық сақтау министрлігі атынан және облыстық денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесіп жүзеге асырылды. Тексеру барысында 616 медициналық мекеме (олардың 544-і мемлекеттік меншікке тиесілі) - Шымкент, Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Жамбыл, Алматы, Атырау облыс-тарында 484 медицина мамандары сертификаттарының болмауына байланысты жұмыстан шығарылды.

Следующая →