Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Зайсандық аналар 5 сәбидің өлімін ұмытқан жоқ

Зайсанның көпбалалы аналары жыл басында Астанада жанұшыра қаза тапқан 5 сәбиге арнап құран хатым түсірді

Қазақ халқы "өлі разы болмай, тірі байымайды" дейді. Осы сөздің астарында үлкен мән жатқаны белгілі. Себебі, әруақты құрметтеу мен оған тиісті дұғаларын жасау, осы дүниедегі қолдан келген амалдарды жүзеге асырудың өзі баға жетпес сауапқа кенелтетіні белгілі. Осы орайда 19 мамыр күні Зайсан аудандық мешітінде Зайсанның атаулы әлеуметтік көмек алатын аналары бас қосып, мекемелерден арнайы шақырылған қонақтарға және күнделікті мешітке келуші жамағатқа ауызашар беріп, атаулы әлеуметтік көмекті алуға себепші болған Астанадағы қайғылы оқиғада қайтыс болған 5 сәбиге арнап құран бағыштады.

- Бүгінде әрқайсымыз мол ақша алып, балаларымыздың мәре-сәре болуы - сол 5 қыздың арқасы. Ситерлер отбасымен бізде байланыс жоқ. Бірақ олардың ата-анасына әр көпбалалы ана 5 қыздың тағдырын ұмытпағандығын жеткізгіміз келеді. Қазақтың көпбалалы аналарының әлеуметтік деңгейін көтеруге үлкен сеп болған бес періште әруағына мың тағзым, - дейді зайсандық көпбалалы ана Зәуре Жансейітқызы.

Зәуре Жансейітқызының айтуынша, бұл игілікті шараны қарапайым халықтың ішінен суырылып шыққан алтын құрсақты көпбалалы аналар көтерген және "мақтан ретінде емес, бүкіл, халық көрсін, үлгі болсын" деп Алланың разылығы үшін істеген.

- Осы игілікті іске бір кісідей атсалысып, жұдырықтай жұмылған батыр аналарымызға және мешіт ұжымына мың алғыс айтқым келеді. Аз уақыттың ішінде қаражат жинап, ауызашар-хатымды ойдағыдай өткіздік, - дейді ана.


Следующая →