Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Көлік нөмірін қолдан жасаған

Шығыс Қазақстанда көлікке тағатын мемлекеттік нөмірлерді жалған жолмен жасайтын алаяқтық анықталды. Мұндай көлік нөмірлерін анықтау да аса қиын емес

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті қызметкерлері танымал сайттарды тексеру кезінде көлік нөмірлерін жасау туралы жарнамаға көзі түскен. Өйткені көлік нөмірін ауыстырғысы келген азамат оны полициядан да ала алады. Ал мұндай жолмен нөмір жасауға не түрткі болуда? Жарнама иесімен байланысқан кезде елде жалған көлік нөмірлерін жасайтын топтар бар екеніне мамандардың да көзі жеткен. Оған олар көп құжатты талап етпейтін де болып шықты, алайда "қызметі" біраз қымбаттау.

- Көлік нөмірін ауыстырғысы келген азаматтар мемлекеттік органдарға келіп жүгіне алады. Ол үшін бір нөмірге 1,4 АЕК, яғни, 3535 теңге төлейді әрі нөмір жасау үшін транспорт құралының тіркелгендігі жөніндегі куәлік талап етіледі. Ал жарнама иесі жалған жолмен нөмір жасауға 19200 теңге сұраған әрі оған техникалық төлқұжаттан басқа ешнәрсе керек емес. Яғни, кез келген адам кез келген көлік нөмірін жасай алады деген сөз. Ал мұның соңы оқыс жағдайларға душар етуі мүмкін, - дейді департамент басшысы Жанна Қабдолдақызы.

Ал заңсыз кәсіп иесін табу үшін тексеріс жүргізген криминалды полиция өкілдері аталмыш іске қатысы бар қылмыскерді екі апта бұрын ұстаған. Ол елордада тұрып жатқан Ресей азаматы болып шықты. Ол Қазақстаннан тапсырыс алып, көлік нөмірлерін Омбы қаласында жасайтын болған. Қазір ол тергеліп жатыр.

Қылмыстық жолды құрғаннан басқа көлік нөмірін жалған жолмен жасатқысы келген азаматтардың да ісі шикі деген сөз. Яғни, мұндай көліктер ұрланған не тіркеуге қойылмаған көліктер болуы мүмкін. Ал тәртіп сақшылары жалған нөмір тағып жүрген көліктерді оңай анықтаймыз деп отыр.

- Жалған көлік нөмірлерін заңды нөмірлерден голограмма арқылы анықтауға болады. Жалған жолмен жасалған нөмірлерде қорғаныс белгілері болмайды. Оны нөмірге көз жүгірткен кез келген полиция қызметкері анықтай алады, - дейді ШҚО ПД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Рифхат Тауфиков.


Следующая →