ШҚО-да 16 жыл іздеуде болған қылмыскер ұсталды
Семей қаласы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұзақ жылдар бойы сот төрелігінен қашып жүрген қылмыскерді Алматыда ұстады
2003 жылдары үш қылмыскер алысқа қатынайтын жүргізушілерге (дальнобойшиктерге) қарақшылық шабуыл жасап, "КамАЗ" жүк көлігін басып алған болатын, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Қылмыстық іс салдарынан келтірілген шығын екі миллион теңгеден асты.
Екі қылмыскерді полицейлер ұстап, үшіншісі қашып кетіп, тәртіп сақшыларынан 16 жыл бойы тығылып жүрген. Оның жеке басы 2012 жылы анықталды және оған іздеу жарияланған, бірақ іздеу жұмыстары табысты болған жоқ. Міне, бірнеше жылдан кейін қарақшы Алматы қаласында қолға түсті.
- Ұсталған азамат Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп түсіндірді ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Ер адам 2003 жылы жасаған ауыр қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.