Қолдан жасалған медициналық анықтаманы сатып алған өскемендік тұрғынға қылмыстық іс қозғалуда
Ел арасында медициналық анықтамаларды саудалаумен айналысатындар бар
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті қызмет алушылар арасында сауалнама жүргізіп, медициналық анықтаманы саудалап жүрген алаяқтарды анықтады. Олар ешкімнен қысылмай-ақ 086/у формалы анықтаманы 3500 теңгеге жасап берген.
- Медициналық анықтаманы алу үшін азаматтар аурухананың хирург, невропатолог, окулист, отоларинголог сынды дәрігеріне қаралып, зертханалық, ренгенологиялық тексерістен өтуі керек. Ал бұл анықтаманы ресми түрде алу үшін медициналық ұйымдарға 4500 теңге төлеуі қажет, - дейді департамент басшысы Жанна Қабдолдақызы.
Мұндай анықтамаларды сатып алғандар да көп көрінеді. Мәселен, Өскемен қаласындағы мектеп директорының бірінен осындай жалған құжат табылған. Қазір оған қатысты қылмыстық іш ашылып, тергеу шаралары жасалуда.