Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

"Металлургтер саябағында" батуттар тексерістен өтті

Өскемендегі "Металлургтер" саябағындағы батуттардың қауіпсіздігі тексерілді

Құқық қорғау органдары арнайы тексеру жүргізіп, нәтижесінде саябақта құрылып тұрған 4 батуттың біреуі қауіпсіздік талаптарына сай келмегені анықталды.

Елде оқыс оқиғалардың алдын алу шаралары басталуының артында үнемі қайғылы оқиға жатады. Олай дейтін себебіміз, өткен аптада Қарағандының орталық саябағында қатты желден үрмелі батут аударылып, 11 жастағы бала қаза тапты. 2004 және 2012 жылы туған 3 бала ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Үрмелі батутты заңсыз, рұқсат етілмеген жерге орналастырғаны үшін әрі қауіпсіздік ережесін сақтамаудың соңы бала өліміне әкелгені үшін 40 жастағы Қарағанды тұрғыны қамауға алынды. Былтыр да осындай жағдай Нұрсұлтан қаласында болған. Қатты желден аударылған батуттан бес бала ауруханаға түскен. Сол оқиғадан кейін барлық өңірдегі батуттарды мамандар тексеріп шыққан еді. Алайда мұндай жағдайлар тағы қайталанып отыр.

Өскемендегі Полиция және Төтенше жағдайлар бойынша басқарманың мамандарымен "Металлургтер" саябағындағы батуттардың қауіпсіздігіне байланысты рейд жүргіздік. Барлық қожайындардан қажетті құжаттар сұралып, қауіптің алдын алу шаралары түсіндірілді. 4 батуттың бірінде сақтандыру құрылғылары жоқ, арнайы шанышқымен жерге тартылмаған және қожайыны орынында жоқ, - дейді Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Рауан Абикенов.

Следующая →