Қайда барып дауыс береміз?
Сонымен, сайлауға 18 жасқа толған Қазақстан азаматының барлығы қатыса алады
Тек сотталғандар мен соттың шешімімен әрекет етуге қабілеті жоқ деп танылған азаматтар қатыса алмайды. Сайлаушыға қойылатын тағы бір талап - оның тіркеуде болуы.
- Дауыс беру үшін төлқұжат немесе жеке басын куәландыратын құжат қажет. Сайлауға қатысқысы келген азамат төлқұжатын алып сайлау учаскесіне баруы керек. Ал сайлау учаскесі азаматтың тіркелген жеріне қарай құрылады, - дейді Александр Рукин.
Ал оның қайда екенін білу үшін жергілікті әкімдіктің ресми сайтына жүгіну керек. Мәселен, Өскемен қаласының азаматтары қала әкімінің oskemen.vko.gov.kz сайтына кіріп, "Сайлау" парағын ашып көруіне болады. Онда сайлау округтері мен сайлау учаскілерінің тізімі және шекарасы мен орналасқан жері көрсетіледі. "Сайлау учаскесін табу" батырмасына ЖСН нөмірін теріп, учаскеңізді нақты қай жерде құрылатынын білуге болады.
Сол сияқты ауыл және аудан тұрғындары да аудан әкімдігінің ресми сайтына кіріп, сайлау учаскесінің мекенжайын біле алады. Жалпы, бұл күні Шығыс Қазақстанда 1040 сайлау учаскесі жұмыс жасайтын болады.