Өскемен
ясно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +16°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Семейде мал ұрлаушылар ұсталды

Семей қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шараларын ұйымдастыра отырып, мал ұрлығымен айналысқандарды ұстауға мүмкіндігі туды

Қалалық полиция бөліміне малының ұрланғанын айтып 50-ден асқан егде жастағы шаруа келіп жүгінген екен, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Қораға ұрланып кірген ұрылар жеті бас қойды айдап әкетіп, шаруа иесін 200 мың теңгеге "қораға" кіргізіп кеткен.

- Ұры малды сатып үлгерген екен, бірақ ақшаны әлі жұмсап үлгермеген. Қазір ұрылардың басқа мал ұрлығына қатысы бар не жоғы анықталып жатыр, - деп хабарлайды Әуезов полиция бөлімі.

Тәртіп сақшылары малдың қолды болуына, көбінесе, тұрғындардың өздері кінәлі екендігін айтады.

- Малын бақпайды, өріске құр айдай салады. Ал жайылымға кеткен мал жолға шығып, жүргізушілердің өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан тәртіп сақшылары жолда иесіз малды көрсе, арнайы қораға әкеп қамап тастайды, - дейді қалалық полиция басқармасының басшысы Дулат Қазақпаев.

Қазіргі уақытта мұндай қораларға қамалған малдардың жалпы саны 300-ден асады. Ал 26 мал иесіне айыппұл салынды.


Следующая →