Шығыс Қазақстанға еліміздің оңтүстік өңірлерінен мамандар жұмысқа шақырылды
ШҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы Түркістан облысындағы өңіраралық бос орындар жәрмеңкесінде кәсіби кадрлардың жетіспеушілігі бар аудандарға қоныс аударуды ұсынады
Шығыс Қазақстан облысының 10 ауданы мен қалаларынан ШҚО өкілдері Шығыс Қазақстанға қоныс аударып, жұмысқа орналасқысы келетіндердің арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жәрмеңкеге келгендерге қажетті мамандықтар бойынша 1366 бос жұмыс орны ұсынылды, оның ішінде денсаулық сақтау саласында - 181, білім саласында – 343, ауыл шаруашылығы саласында – 77, деп хабарлайды Устинка LIVE.
- Мамандарды біздің өңірге шақырамыз. Өткен жылдары көшкендер қазірдің өзінде орнығып алды. Кейбіреулер жер алып, жеке қосалқы шаруашылықпен, фермерлікпен табысты айналысады, - деп атап өтті ШҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының басшысы Ерболат Ошақбаев. - Басқалары бизнес ашты немесе қаланың өнеркәсіп кәсіпорындарына жұмысқа орналасты.
Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, облыс мамандарды қабылдап, әрбір қоныс аударушы мен отбасын аймақта толық орналасқанға дейін алып жүруге дайын. Оларға тұрғын үймен, оқумен, еңбекке қабілетті отбасы мүшелерін жұмыспен қамтамасыз етумен көмек көрсетіледі.
Мәселен, бірінші кезекте оларға көтерме ақы төленеді. Қалалық жерге келгісі келетіндер, жанұяның әрбір мүшесі 50500 теңгеден (20 АЕК) алады. Егер отбасы төрт адамнан тұратын болса-63125 теңгеден (25 АЕК), бес адамнан және одан жоғары болса – 75750 теңгеден (30 АЕК). Аудандарға көшкен кезде, сомасы біраз аз болады - 37875 теңге (15 АЕК). Егер жанұя құрамында екіден төрт адамға дейін болса, отбасының әрбір мүшесіне 45450 теңгеден (18 АЕК), егер бес адамнан артық болса, онда 65025 теңгеден (21 АЕК).
Сонымен қатар, басқарманың баспасөз қызметінің хабарлауынша, қоныс аударушылар өз қалауы бойынша тұрғын үйді субсидияға сатып ала алады. Тұрғын үйді, сондай-ақ, кадрларға мүдделі кәсіпорындар немесе ауылдық округ әкімдіктері өтеусіз негізде береді.
- Тіпті көмір, отын, мал беріледі. Аудандарға қоныс аударушыларға 10 бас ұсақ-қара мал, бір сиыр және бір жылқы берген жағдайлар бар, - деп атап өтті ШҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында.
Жәрмеңкеге Түркістан облысының 2000-нан астам тұрғыны қатысты.