Өскеменде жедел сатылардың 60%-ын пайдалануға болмайды
Объектілердің қызмет мерзімі аяқтаған, бірақ пәтер тұрғындары оларды әлі күнге дейін пайдалануда
ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметі бойынша, Өскеменде 837 лифт жұмыс істейді және олардың басым бөліггінің пайдалану мерзімі өтіп кеткен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мамандар жедел саы шаруашылығын тексеріп, 168 тәртіп бұзушылықты анықтады. Нәтижесінде үш қызмет көрсетуші компания мен төрт ПИК әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, 100-ге жуық жедел сатының меншік иелері жоқ, яғни оларға қызмет көрсетілмейді. Қазір жергілікті атқарушы органдар бұл мәселемен тығыз айналыспақ.