Өскемендік автокөліктерге вандалдар қауіп төндіруде ме?
Облыс орталығында белгісіз біреулердің қолынан үш "темір тұлпар" зақымдалды
Микоян көшесі, 8 үйдің ауласында тұрақта тұрған автокөліктер вандалдар назарына ілінген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Бүгін таңертең үш автокөлік иесі өзінің көліктерінен сынған маңдай әйнектерін және "залал"құралдарын тапты.
Бұл кек акциясы немесе вандалдардың ісі ме? Әзірге анық емес. Қазір полиция тәртіп бұзушыларды іздестірумен айналысуда. Орын алған оқиға туралы толығырақ ақпаратты кейінірек жариялаймыз.