ШҚО-дағы ауыл мектептерінің бірінен төбеден су тамшылап тұр
Алтай ауданына қарасты Октябрь кентінің мектебінде кеше төтенше жағдай орнады, аспаннан жауған жаңбыр мектептің төбесінен өтіп бөлмесіне суша сорғалады
Білім ордасы тозып тұр деуге келмейді, наурыз айында ғана төбесіне жөндеу жасалған болатын.
- Кабинетте сабақ жүріп жатса да, құрылысшылар балалармен жағаласып, терезе ауыстырlы, - дейді ауыл тұрғындары.
Ал аудандық бөлім басшысы Бақытгүл Қанафинаның айтуынша, бұл мектепке "Қазақстанның энерготиімділігін арттыру" бағдарламасы аясында жөндеу жасалған.
- Жоба аясында мектептің терезелері мен кіреберіс есіктері ауыстырылып, ғимараттың сырты сайдингпен қапталуы, төбесіне шатыр жабылуы керек болатын. Бұл жұмыстардың барлығы жасалған. Уақыт тығыз болғандықтан, терезені де ерте ауыстыру керек болды. Қазір "Мега ЛТД" ЖШС мердігер ұйымы төбенің шатырын ауыстырумен айналысып жатыр, - дейді бөлім басшысы.