Полицейлер тұрғынның азаматтық төлқұжатын жасатуға көмектесті
Екі күннің ішінде полицейлердің "Жолда қабылдау" акциясына 950 облыс тұрғыны келіп жүгінді
Азаматтардың көбін айыппұлды төлеу, жол қозғалысын ұйымдастыру, техникалық құралдарды тіркеу, шетелдіктерді жұмысқа орналастыру мәселелері мазалайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Мәселен, миграциялық қызмет мамандары аталмыш акция аясында Қазақстанда тұрып жатқан кейбір азаматтардың төлқұжат алуына себепкер болды. Полиция департаментінің мәліметтеріне қарағанда, миграциялық қызмет өкілдері оралман мәртебесін ұзартуға келген азаматтарға да қол ұшын берген.
- Қазақстан Республикасында тұрып жатқанына ұзақ уақыт болса да, кейбір шетелдіктер әлі де азаматтық ала алмай жүргені белгілі болды, ал кейбірі оралман мәртебесін ұзарта алмай жүрген. ПД миграциялық қызмет басқармасы бұл азаматтардың өтінішін қабылдап, төлқұжат алуына көмекесті, - деп хабарлайды мекеме.
Ал азаматтар мұндай акциялардың халыққа пайдасының мол екенін айтып, қуанышын білдірді.