Ертең Өскеменде жолдардағы қозғалыс шектеледі
ЖМК ауданындағы жеңіл көлік жүргізушілері үшін де, қоғамдық көлік үшін де қозғалыс шектеледі
19 мамыр күні сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін Сәтбаев даңғылы бойымен Қазыбек би даңғылы қиылысынан "Кіші Сәтбаев" қиылысына дейін ("Гаш-Эль" дүкені) Ертіс өзені арқылы өтетін көпір бағытында қозғалыс жабылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өскемен әкімдігі техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты шектеулер жүргізілетінін хабарлады. Маршруттық автобустар Қазыбек би даңғылы арқылы айналып өтетін болады.