Шығыс Қазақстанда 20 жастағы бойжеткен іздестірілуде
Мөлдір Сәрсенова сегізінші мамыр күні хабар-ошарсыз жоғалып кетті, 10 күн бойы туған-туыстары оның қайда екендігін білмейді
Өскемен қаласының 20 жастағы тұрғыны сегізінші мамыр үйінен шығып, Аблакетка ауданына бет алды. Содан бері жақындары оның қайда екенін білмейді.
Немере әпкесі Жадыраның пайымдауынша, Мөлдір Сәрсенова Reebok спорттық күртешесін, қара көк джинсы, сұр кроссовкалар киген болатын.
Өзімен бірге құжаттары мен ұялы телефоны болған жоқ.
Бойжеткен туралы қандай да бір ақпарат білетіндерден 8-705-205-32-81 телефоны бойынша немесе 102 арнасына хабарлауды сұрайды.