Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Медбикелер де шет елде білім алады

Семейдегі жедел медициналық жәрдем ауруханасының кешенінде гибридті нейрохирургиялық операциялық блоктың пайда болатынын бұрын да жазғанбыз

Онда бас ми қан айналымының ауытқушылығы бар адамдарға шұғыл түрде ота жасалады. Ота залы осы жылдың наурыз айында іске қосылуы керек еді.

Алайда Денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы Ілияс Мұхамеджанның айтуы бойынша, қазіргі уақытта №1 ота залы әлі бітпеген және жақын арада іске қосылады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жұмысты одан әрмен қарай жүргізу үшін 43 білікті маман қажет.

- Ота залы халықаралық стандарттарға сәйкес жобаланған және заманауи жоғары технологиялық материалдардан салынған. Операциялық блок шұғыл көрсетілімдер бойынша науқастарға амбулаторлық және стационарлық хирургиялық көмек көрсетеді. ЖМЖА-ның операция бөлімі заманауи медициналық құралдардан басқа мультимедиялық құрылғылармен және телемедицинаға арналған барлық қажеттіліктермен жабдықталған, осының арқасында ота жасау кезінде хирург бүкіл дүниежүзі бойынша әріптестерімен кеңесіп отыра алады, бұл жүргізілетін операцияның нәтижелігін көтереді, - деп атап өтті басқарма басшысы.

Аурухана қызметкерлерінің басым бөлігі Еуропада қосымша білім алып келген. Енді аймақ басшысы Даниал Ахметов тағы да бірқатар мамандардың шет елде білім алуына қолдау көрсетуді тапсырды.

- Енді қызметкерлер 3 ай емес, 6 айдан кем оқымасын. Онымен қоса, біз ортаңғы медициналық қызметкерлердің (медбике, санитар) біліктілігін де арттыруды қолға алуымыз керек. Әлемдік тәжірибеде ортаңғы медицина қызметкерлері дәрігерлермен бірдей жұмыс істейді, ол үшін олардың біліктілігі де жетеді. Ал бізде қалай? Біз дәрігерлерді оқытамыз да, медбикелер сол дәреже қалады. Мұндай біліктілікпен олар ота залында қалай жұмыс істемек? - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, ЖМЖА-ның операциялық блогы 9 операциялық залдан тұрады, ол А, В және Г корпустарының екі қабатында орналасқан: 1-қабатта шұғыл операция жасау кіші залы, іріңді таңу бөлмесі, №4 хирургиялық операция жасау залы. Ал 2-қабатта №3 шұғыл операция жасау үлкен залы, №1, №2 хирургиялық операция жасау залы, №1, №2 травматологиялық операция жсау залы, күйікке операция жасау залы.

Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде барлық 9 операция жасау залдары бір мезгілде жұмыс істеуге, жылына орта есеппен 3 000-ға дейін ота жасауға қауқары бар. Ал алдыңғы қатарлы әлемдік өндірушілердің видеоэндоскопиялық құрылғылары мен басқа құралдары тінді аз мөлшерде зақымдау арқылы жоғары маманданған көмек көрсетуді қосқанда, кең көлемде ота жасауға мүмкіндік бермек.


Следующая →