Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Колледждерге қанша грант бөлінеді?

Мектеп бітіруші түлектердің жартысына жуығы колледжде білім алғанды қалайды. Ал оларға берілетін грант саны да жыл сайын көбейіп отырмақ

Облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова мектеп түлектерінің 40%-ы колледжде білім алғанды қалайтынын әрі мұндай шешімге саналы түрде баратындығын айтады. Өйткені жұмысшы мамандығын игерген жастардың да жұмысқа орналасуға деген бейімділігі зор келеді. Яғни, университетке түсе алмаған түлектер колледжге кеп оқиды деген ой қалыптаспаған жөн.

- Себебі кәсіби білім беру мекемесінде білім алған маман иесі өндірісте оңай жұмыс жасап кете алады. Өндіріс орны мен кәсіби білім беру мекемесінің базалық белгілері бір-біріне сай келеді. Сондықтан колледжде білім алушылар үшін үлкен материалдық база жасақталуы тиіс. Қазір соған көңіл бөліп отырмыз, - дейді Әсем Бекқызы.

Жыл сайын жергілікті бюджеттен колледж түлектерін тегін біліммен қамтамасыз ету үшін облыс бюджетінен 6 мыңнан астам, нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы аясында да ел қазынасынан 1700-ден астам тегін білім беру гранттары бөлінеді.

- Сонда жыл сайын кәсіби білім алғысы келгендерге өңір бойынша 8 мыңға жуық грант беріледі. Биыл да осынша көлемде бөлінетін болады. Айта кеткеніміз жөн, біз жыл сайын кәсіби-техникалық білім беру мекемелеріне бөлінетін тегін грант көлемін 10%-ға дейін көбейтіп отырмақпыз, - дейді әкім орынбасары.

Жалпы қазіргі уақытта облыстың 90-ға жуық колледжінде 35 мың студент білім алуда. Оның жартысынан астамы тегін оқып жатыр. Шығыс өңіріндегі кәсіби білім беру мекемелері 115 мамандық бойынша мамандар дайындайды.

- Елдің ешқандай өңірі мұнша көп мамандық бойынша кәсіби мамандар дайындай алмайды. Біз бірінші орындамыз, - дейді Әсем Бекқызы.

Аймақтың ірі кәсіпорындары кәсіби білім беру мекемелерімен ортақ мәмілеге келіп, түлектерді өндірістік орындарда іс-тәжірибе мен тағлымдамадан өткізіп, мамандығының қыр-сырын үйретуге күш салуда. Ал кәсіпорындар болса, тағлымдамадан өткен түлектерді кейін жұмысқа қабылдауға ниет білдіруі керек.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Колледж Грант