Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алексей Слонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Дүкенге барып, ауыр апатқа ұшырады

Шемонаихада 15 мамыр күні жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп келе жатқан 13 жастағы қызды көлік қақты

Оқиға куәгері Татьянаның сөзіне сүйенсек, апат орын аларға дейін 1 минут бұрын ол Вокзальная көшесі, 206 мекенжайындағы дүкен маңында тұрған.

Татьяна қолында нан салынған дорбасы бар кішкентай қыздың жаяу жүргіншілер жолағына қарай бет алғанын көрген. Алайда қас қағым сәтте жолдасына қарап қалған уақытта қатты соққының даусын естіген. Артына бұрылғанда бет-аузы қанға бөккен қыз дүкен маңында жатыр. Жаяу жүгріншілер өткелінен дүкенге дейін бірнеше метрге ұшып кеткен. Ал тас жолда нан мен бәтіңкесі жатыр.

Татьяна айтқандай, жүргізуші көлігінен атып шығып, қызға қарай жүгірген. Алайда куәгер оған жолауға болмайтынын айтып, жедел жәрдем шақыртқан. Жедел жеткен дәрігерлер зардап шеккен жасөспірімді ауруханаға жеткізді.

Айта кеткен жөн, өткел маңыда жылдамдықты 40 км/сағ асырмау керек деген ескертпе де тұр.

ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, 15 мамыр күні сағат 18.10-да Шемонаиха аудандың полиция бөлімшесінің 102 шұғыл арнасына жол-көлік оқиғасы туралы хабар түскен. Тәртіп сақшылары анықтағандай, 23 жастағы Toyota Land Cruiser 200 көлігінің жүргізушісі Вокзальная және Молодежная көшелері қиылысында "КамАЗ 55111" көлігін басып озамын деп, 13 жастағы қызды қағып кеткен. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама белгіленген.

- Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі терегу басталды – жол қозғалыс ережелерін бұзып, адам денсаулығына абайсызда ауыр зардап келтіру, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Ал орталық аудандық аурухана мамандары жасөспірімнің жағдайы қалыпты ауыр деп бағалайды. Дәрігерлер баланың өміріне араша түсу үшін барлығын жасауда.


Следующая →