Құқық бұзсаң, жаза қатаң
Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінен 135 қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталғандар өткен
14-18 мамыр аралығында ҚР ІІМ "Шартты сотталған" атты республикалық профилактикалық іс-шараларын өткізу туралы бұйрығына сәйкес, Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімі Солжағалау аудандық ішкі істер бөлімімен бірлесіп жоспарға сай шаралар атқаруда.
Следующая →
- Атап айтқанда, Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінен 135 қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталғандар өткен, - дейді ШҚО бойынша ҚАЖД Солжағалау аудандық ПҚБ аға инспекторы әділет майоры Э. Смагулова. - Осы сотталғандардың тарапынан жасалатын қайталама қылмыстың алдын алу мақсатында Солжағалау аудандық полиция басқарма бөлімі жергілікті полиция инспекторларымен бірлесіп, сотталғандардың тұрғылықты мекенжайын тексеріп, сотталғандарға әсер ете алатын жақын туыстарымен сұхпат жүргізуде.Сонымен қатар, тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан қандайда бір әкімшілік құқықбұзушылық анықталсанемесе сотпен белгіленген міндеттерді бұзған жағдайда, пробация тарапынан сотталғандарға жаза қолданылады. Яғни, сотталғадардың қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазасы, бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылады немесе пробациялық бақылауы ұзартылады.
Тақырыптар:
Солжағалау аудандық пробация