ШҚО-да кішкентай декоративті күшікті сатқан алаяқ ұсталды
Әйел танымал ғаламтор арқылы төмен бағамен мопс тұқымды күшікті сату туралы хабарландыруды орналастырған
Өскемен қаласының бес тұрғыны интернет арқылы үй жануарларын өтірік сатып жүрген онлайн-алаяқтық туралы полицияға мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысы полиция басқармасы хабарлағандай,"интернет-сатушының" талаптарына сай сатып алушылардың әрқайсысы 40-50 мың теңге аударған, бірақ олардың ешбірі үй жануарларын ала алмаған. Жалпы залал 200 мың теңгеден асады.
- Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер тез арада күдіктіні анықтады, - деп хабарлады департамент. - Бұған дейінгі қылмыс үшін сотталған 20 жастағы алаяқ Ақтөбе қаласында ұсталды.